Пятніца 19 красавіка 2024 г.

https://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
 


 





Найти
 
 


120 Сәкен Сейфуллинның жылдығына арналады


Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, композитор Сәкен Сейфуллинның 120 жылдығына орай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры бірлесе отырып, 10 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концерттік залында «Сәкеннің сыр сандығы» атты музыкалық концерт өткізеді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахна тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен атаулы оқу орынның стденттері Сәкен Сейфуллинның «Аққудың айрылуы» поэмасының желісімен көрініс қояды. Әнші, драматург, әртіс, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі Қанат Жүнісов Сәкен Сейфуллинның бейнесін сомдайды.

Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова, сәкентанушы, профессор, ф.ғ.д. ҰҒА академигі Тұрсынбек Кәкішев кіріспе сөз сөйлеп, концерттің шымылдығын түреді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория хорының (хор жетекшісі – ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Базарғали Жаманбаев) орындауында ақынның елді бірлікке шақырған «Жас қазақ марсельезасы» сахнаға жол тартады. Сондай-ақ, сыбызғышы Талғат Мұқышев Сәкеннің «Тау ішінде» әнін сыбызғымен сызылтып орындайды.

Кеште Сәкеннің төл шығармашылығы бойынша «Көкшетау», «Тау ішінде», «Бабаларыма», «Ақасақ киік», «Сарыарқа», «Ұйқыдағы ару», «Анаға», «Жеткіншегім тартынба», «Сыр сандық», «Әупілдекке жауап», «Қамауда», «Түс», «Арқа сұлуына» (әні Т.Құтжановтікі) және тағы басқа әндер шырқалады. Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллинге арналған Жағыпар Әлімхановтың (сөзі Кәкімбек Салықовтікі) «Сәкен аға» әні, Хасен Қожа Ахметтің «Кетпейтін естен» әні, Кәкімбек Салықовтың «Үш арыс» әні (Сәкен, Ілияс, Бейімбет туралы) халық назарына ұсынылмақ. Концертте ақынның шығармашылық жолының қалыптасуына зор әсерін тигізген әйгілі Үкілі Ыбыраймен кездесу сәті, халық әндері «Әупілдекпен», «Кидім камзолмен» сусындап ер жетуі, Сейфулланың күйшілігі, әйдік өнер иесі Сайдалы сары Тоқаның күйін бір тыңдамай шығарма жазуға отырмайтындығы, ұлы күйші Әбікен Хасеновтың Сәкенге арнап күй шығаруы және тағы басқа мәселелер қамтылатын болады.
  
Шығамашылық кеште Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Толғамбай Сембаев, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Исатаева, Жанар Айжанова, Серік Оспанов, Еркін Нұрқанов, Гүлнәр Арынова, Қанат Жүнісов, Мұрат Әбуғазы, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин, Жасұлан Сақаев, Нариман Әбдірахманов, Ораз Жаңабаев және тағы басқа өнерпаздар өнер көрсетеді. 

Концерт кешкі 19.00-де басталады. 

Қосымша ақпараттарды 8 776 777 87 86 телефон нөміріне хабарласып алуларыңызға болады.
 
Дата публикации:26.11.2014
Дата проведения:10.12.2014 - 10.12.2014
Страна:Казахстан
Регион / Область:Алматинская
Город / населенный пункт:Алматы
Тип мероприятия:Акция
Организация:ЭКЦ Белорусский этно-культурный центр г. Алматы
Просмотров:14667
 
Ключевые слова:
Сакен Сейфуллин Юбилей Концерт 120-летие Консерватория
 
 


Комментарии



 



Другие мероприятия