Омбы қаласының мэрі болуға үміткер қазақстандық жігіттерді омбылық қыздармен таныстыру үшін би кештерін ұйымдастырмақшы.
Қазақстанның ер-азаматтары Омбы қаласындағы туу көрсеткішінің төмендеуі мәселесін шешіп береді, деп сенеді қаланың мэрі болуға үміткер Дмитрий Перевальский, деп жазады "СуперОмск" басылымы.
44 жастағы зейнеткердің пікірінше, қазақстандық жігіттерді арнайы көшіріп, Омск қаласында қыз-келіншектермен танысуға жағдай жасау керек.
"Жастарға отбасын құруды үйрету керек, олар мұны білмейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанға назар аударғанымыз жөн, ол жақта Омбы қаласына көшіп кеткісі келетін ер-азаматтар көп. Қалалық шенеуніктер курстар, жастар лагерлерін, би кештерін ұйымдастырып, омбылық қыздарды қазақстандық жігіттермен таныстыру қажет", — деп мәлімдеді Перевальский.
Саясаткер қаладағы қыз-келіншектердің өмірлік жарын таба алмай жүргеніне қатты налиды, себебі ерлердің біразы түрмеде, біразы вахталық жұмысқа орналасқан, ал қалғандары "алқаштар, наркомандар, арамтамақтар".
Омбы қаласының мэрі атануға 37 адам үміткер болып отыр. Омбылық саясаткердің бұл өтінішіне Солтүстік Қазақстандағы ер-азаматтар қалай қарайтыны әлі белгісіз.
Астана, 14 қараша 2017
Sputnik
Sputnik
Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/0-3/521/41073
Текущая дата: 18.11.2024