Белорусский портал в Казахстане

ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының (KHF) 50-жылдығына арналған Институт профессор-оқытушылар құрамының «Мерейтойлық палитрасы» көрмесі Абай



Көрме 2019 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

2019 жылдың 11 қазаны сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып «Ұлы дала қыры: заманауи кезеңдегі шығармашылық тәжірибелер мен көркем білім беру» атты халықаралық Арт – форум  аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының (КСФ) 50-жылдық мерейтойына арналған профессор-оқытушы құрамының шығармашылық жұмыстарынан «Мерейтой  палитрасы» атты көрме ашады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Көркемсурет-графика факультеті ретінде танылған, 50 жыл ішінде Институт мәдениет, өнер салаларында жоғары білікті кадрларды дайындаған қара шаңыраққа айналды.

Көркемсурет факультеттің тарихы сонау 1963 жылдан бастау алды. Оның алғашқы түлектері бүкіл республика бойынша көркемдік білім беру саласында бірқатар кафедралардың  ашылуына өз үлестерін қосты. Сондықтан Көркемсурет факультетін «Қара шаңырақ» деп атаса да орынды.

Көркемсурет кафедрасы өзінің түлектерімен мақтанады. Бүгінде олар белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, аты танымал суретшілер, графиктер, кескіндемешілер, мүсіншілер мен педагогтар. Атап айтқанда: Ерболат Төлепбай, Мұратбек Нұрлыбаев, Владимир Власюк, Шоқан Төлеш, Аркен Зульфикар, Вячеслав Люйко, Батима Заурбекова, Нелли Бубэ, Тоққожа Қожағұлов, Алексей Бегов және т.б. Бұл тек атақты есімдердің бір бөлігі ғана.

Бүгінгі таңда, институтта профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттар, доценттер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары, спорт шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері және басқа да шығармашылық бірлестіктер жұмыс жасап, сонымен қатар олар Қазақстан және алыс шетелдерде студенттерімен, шәкіртттерімен көрмелер ұйымдастырып, концерттер мен фестивальдарда белсенділік танытып жүр.

«Мерейтойлық палитра» экспозициясы отандық көркемдік білімнің заманауи негізін қалаушы тұлғалардың шығармашылық әлеуетін, тынымсыз ізденістер мен көркемдік эксперименттердің нәтижелерін, қазақстандық суретшілер мен педагогтардың тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге арналған.

Шеберлердің әрқайсысының өзіне тән танымал және ерекше стилі бар. Сонымен бірге, барлық жұмыстар бір үлкен мерейтойлық палитрада бір мақсатқа біріктірілген - қазіргі Көркемсурет факультетінің барлық қырлары мен түстерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ойлары мен үміттерімен бөлісу.

Көрме 2019 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.
Анықтама телефоны: 264-46-50

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 
Алматы қ., «Самал-1» ықшам ауданы, 44 – үй. 
тел./факс: 2 64-22-00 www.csmrk.kz
E-mail:csmrk1986@mail.ru
****   ****   ****
11 октября 2019 г. в 10.00 Центральный государственный музей Республики Казахстан совместно с Казахским национальным педагогическим университетом им. Абая, в рамках Международного Арт-форума «Грани великой степи: творческие практики и художественное образование на современном этапе», открывают выставку «Юбилейная палитра» художественных работ профессорско-преподавательского состава института, посвященную 50-летию Института искусств, культуры и спорта (ХГФ) КазНПУ им. Абая.

Институт Искусств, культуры и спорта КазНПУ имени Абая, известный ранее как Художественно-графический факультет, прошел большой и славный путь за 50 лет  став кузницей высококвалифицированных кадров для различных сфер культуры, искусства и художественного образования. 

История Худграфа началась в далеком 1963 году. Его первые выпускники способствовали открытию ряда кафедр в области художественного образования по всей республике. Поэтому вполне уместно называть Худграф емким и символичным казахским термином «қара шанырақ» - «отцовский дом» или «самый почитаемый дом рода». 

Худграф по праву гордится своими выпускниками, это целая плеяда знаменитых деятелей культуры и искусства, известных графиков и живописцев, скульпторов и педагогов: Ерболат Толепбай, Муратбек Нурлыбаев, Владимир Власюк, Шокан Толеш, Аркен Зульфикар, Вячеслав Люйко, Батима Заурбекова, Нэлли Бубэ, Токкожа Кожагулов, Алексей Бегов и это только часть громких имен.

Сегодня в Институте работают профессора, доктора и кандидаты наук, доценты, заслуженные работники, заслуженные деятели культуры, заслуженные тренеры Республики Казахстан, мастера спорта, члены Союза художников РК, члены Союза Дизайнеров Республики Казахстан и других творческих ассоциаций, которые вместе со своими учениками принимают активное участие в выставках, концертах, фестивалях, конкурсах в Казахстане и странах ближнего и дальнего зарубежья.

Экспозиция «Юбилейная палитра» призвана показать творческий потенциал современной альма-матер отечественного художественного   образования, вехи и результаты неустанных поисков и художественных  экспериментов, опыт и достижения казахстанских художников-педагогов Казахстана.

Каждый из мастеров имеет собственный узнаваемый и яркий стиль. Но при этом все работы объединяет в одну огромную праздничную палитру одна цель – показать все грани и краски современного Худграфа, поделиться своими мыслями и надеждами.

Выставка продлится до  23 октября  2019 года. 
Телефон для справок: 264-46-50

 Центральный Государственный   музей РК
 Алматы, м-кр. «Самал-1», дом 44.
 тел./факс: 2 64-22-00 www.csmrk.kz
 E-mail:csmrk1986@mail.ru

belarus.kz, 9 октября 2019

Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/1-/65/50192
Текущая дата: 26.11.2024