2019 жылдың 3 мамырында сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және Жастар жылының шеңберінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған «Жеңіс Жауынгерлері» атты салтанатты іс-шара өтеді.
Іс-шараға Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Балғымбаев Н.А., Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Назарбаев университеті Алматы қалалық өкілдігінің, ҚазСТА, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Жарасым» РЖБ белсенділері мен студенттер және т.б. қатысады.
Салтанатты іс-шарада ұрпақ сабақтастығы мен отансүйгіштік сезімді нығайту мақсатында Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының «Айбын» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің және жастардың ҰОС ардагерлерімен мазмұнды да келелі кездесуі өтеді.
Көрермендер қызықты әрі қанық концерттік бағдарламада көркем шығармашылық ұжымдар мен жас дарындардың өнерін тамашалап, ҚХА «Қамқор» акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне сыйлықтар табысталатын болады.
Ел арасында сөз құдіретіне деген мызғымас наным сақталған. Шын ниетпен берілген ақ бата көздеген биік мұраттарға жетуге бірден бір септігін тигізетіндігіне халқымыз сенген және сеніп те келеді. Сол себепті, «Бата беру» дәстүріне сай құрметті ақсақал өзінің ақ тілегін жастарға арнайды.
Сондай-ақ, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің ҰОС ардагерлеріне арналған жұмыстары көрсетіледі.
Ұйымдастырушы: Алматы қаласындағы Достық үйі.
Серіктестер: Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін іс-шараға шақырамыз.
____________________________
Алматы қ. Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметі
«Қоғамдық келісім» РММ: тел.+7(727) 272-59-15
Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/1-/70/47847
Текущая дата: 26.11.2024