Биыл Кипр Республикасының Президенті Димитрис Христофиас Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Бұл жайында бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесу барысында Кипрдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эрато Козаку-Маркулли мәлім етті.
«Бізде қол қоюға дайын тұрған жобалардың келісімдері бар. Бұл құжаттар 2012 жылы Кипр Президентінің сапары барысында бекітілуі мүмкін», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін екі елдің сыртқы істер министрлері ынтымақтастық және консультациялар жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Астана, 2 сәуір 2012
Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/1-0/262/13216
Текущая дата: 15.11.2024