Жүк құжаттары ЕАЭО-ның ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды.
Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен.
"Тексеру кезінде жүктің жөнелтпе құжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", — деп жазылған хабарламада.
Акт толтырылып, өнім Қазақстанға қайтарылды.
Астана, 13 қараша 2017
Sputnik
Sputnik
Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/1-0/94/41093
Текущая дата: 17.11.2024