Белорусский портал в Казахстане

«Алтын бесік» фестивалі



2019 жылдың 25 сәуірінде сағат 15.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінің баспасөз залында (Құрманғазы, 40) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын бесік» атты фестиваль өтеді.

«Алтын бесік» фестивалі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының арасында өтеді.

Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеу, ұлттық салттар мен дәстүрлерге ұқыпты қарау, ұлттық әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға, сақтауға және насихаттауға көмектесу, ұлтаралық мәдени қарым-қатынсатарды нығайту мен этномәдени кеңістікті ұлғайту, шығармашылық байланыс ортасын құру мен этномәдени бірлестіктердің жастар шығармашылық ұжымдарының шығармашылық әлеуеттерін дамыту болып табылады.

Фестиваль барысында ұлттық бесік тақырыбында театрландырылған көріністер қою жоспарлануда.

Театрландырылған көріністе әдет-ғұрып көрсетіліп, ол жайлы айтылатын болады (бесікті дайындау; бесікке байланысты ырымдар; айтылатын жырлар туралы және т.б.) және халықтық немесе заманауи композиторлардың бесік жырлары мен әндері шырқалады.

Іс-шараға республикалық және қалалық ЭМБ жетекшілері мен мүшелері, Алматы қ. ҚХА-ың, ҒСТ-ың мүшелері, Алматы қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері, қоғам және өнер қайраткерлері, Алматы қ. мәслихатының депутаттары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Назарбаев университетінің Алматы қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, жексенбілік мектердің оқушылары мен бұқаралық ақпарат құралдыраның тілшілері қатысады.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамысыз ету қызметі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы), Назарбаев университетінің Алматы қаласындағы өкілдігі.

Телефондар:
+7 (727) 272 49 70, 272 59 15, +7 700 492 35 13, 
+7 701 711 83 02, dd_ank@mail.ru 

belarus.kz, 23 сәуір 2019

Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/1-3/1/47754
Текущая дата: 24.04.2024