Америкалық ғалым әлемнің жаңа саяси картасы халықтардың мәдени, діни, тектік байланыстарын ескеріп жасалуы тиіс дейді.
«Ғасырлар бойы біз саясатқа сүйеніп әлемнің картасын сызып келдік. Бірақ адамзаттың бөлінісі туралы бұрынғы ұғымдардың барлығын ысырып тастайтын кез келген сияқты. Жаһанда тайпалық байланыстардың күшеюі жаңа ғаламдық альянстардың құрылуына мұрындық болып жатыр. Дипломатия тілінде шекаралардың орнын тарих, нәсіл, этнос, дін және мәдениетке негізделген жаңа бөліну тәртібі басып, адамзат қайтадан топтасып жатыр», — деп тұжырымдайды америкалық зерттеуші Джоель Коткин "Ньюсуик" басылымында.
Ғалымның Лондондағы «Легатум» институтының көмегімен жасаған зерттеуіне сүйенсек, капитализм, социализм сияқты жалпылама саяси иедологияның дәурені өтіп барады, себебі олар қарапайым адамдарды құлшынта алмайды. Оның орнына «тайпа» ұғымы халыққа жақын.
Әлемнің шынайы саяси картасын 19 бөлікке бөлген зерттеуші әр топқа жеке сипаттама береді. Бір қызығы, Орталық Азия елдері ішінен Өзбекстан мен Түркіменстан Түркияның ықпалындағы «Оттоман тобына» қосылған да, Қазақстанмен қоса қалған елдер әлі еш тайпалық топты таңдай қоймаған «Жабайы Шығысқа» жатқызылыпы. Біз әзірге «Ресей империясының» қол астына да кіре қоймаппыз.
Сонымен Джоель Коткин жасап шыққан жаңа әлем картасында елдер мынадай топтарға біріктірілген:
1. Жаңа Ханза елдері (Дания, Финляндия, Германия, Нидерланды, Норвегия, Швеция)
XIII ғасырдағы Германияның өзара тығыз байланыс орнату арқылы бақуатты өмірге жеткен қалаларын Ханза лигасы деп атаған. Зерттеуші герман мәдениетінен бастау алатын бұл елдерді ең бақуатты мемлекеттер қатарына қосады әрі олардың сапалы тауарларын басқа дамыған елдерге, Ресей мен Қытайға сатып, беймарал отырғанын атап өтеді.
2. Аралық аймақ (Бельгия, Чехия, Эстония, Венгрия, Исландия, Ирландия, Латвия, Литва, Польша, Румыния, Словакия, Ұлыбритания)
Бұлар – тайпалық әлемде өз орындарын таппаған, даму деңгейі жөнінен басқалардан жоғары елдер.
3. Зәйтүн елдері (Болгария, Хорватия, Грекия, Италия, Косово, Македония, Черногория, Португалия, Словения, Испания)
Тамырын грек-роман қауымынан алатын бұл елдер солтүстіктегі ауқатты «тайпамен» еншілес жатыр. Дегенмен бұлар экономикалық даму деңгейі, кедейлер саны жөнінен «германдардан» анағұрлым қалық әрі бұлардың сыртқы қарыздары көп.
4. Қала-мемлекеттер
Ғалым Лондон, Париж, Сингапур, Тель-Авив қалаларын бөлек алып, оларды тайпалардың араласқан және олардың қаржылық, мәдени мүдделері тоқайласатын орындар деп қарастырады.
5. Солтүстік Америка альянсы (АҚШ, Канада)
Бұлар – бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынас орната отырып, заманауи техника шығару, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жөнінен алдыңғы қатарда тұрған елдер.
6. «Либералистас» елдері (Чили, Колумбия, Коста-Рика, Мексика, Перу)
Кедейлік, артта қалушылық тұқыртып тұрғанымен, орта тапқа қосылуға, «Солтүстік Америка альянсынан» мейлінше тәуелсіз болуға тырысып жатқан елдер.
7. «Боливар» республикалары (Аргентина, Боливия, Куба, Эквадор, Никарагуа, Венесуэла)
Бұрыннан АҚШ-қа және капитализмге қарсы шығып жүрген, диктатураға қарай ойысып бара жатқан елдер.
8. Жеке батырлар (Бразилия, Франция, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Швейцария)
Маңайындағы «тайпалық топтардан» оқшау тұрған, күшті мемлекеттер
9. Ресей империясы (Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Украина)
Ресей патшалық кездегі империялық пиғылын қайта бастап, маңайындағы елдерге, слвянтектілермен қоса Грузия, Орталық Азия мемлекеттеріне ықпалын жүргізгісі келеді. Ол әсіресе өзінің славяндық тегіне арқа сүйейді.
10. Жабайы Шығыс елдері (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан)
Қытай, Үндістан, Түркия, Ресей және Солтүстік Америка сияқты өзара бәсекелесуші елдердің арасында қалған даулы аймақ.
11. Иранстан (Бахрейн, Газа аймағы, Иран, Ирак, Ливан, Сирия)
Мұнай қоры жеткілікті, экономикасы Түркиямен шамалас Иран аймақтық державаға айналып келеді, дегенмен оның экстремистік идеологиясы тек Батыстың ғана емес, Үлкен Арабия аймағымен қайшылықтарға әкеліп отыр.
12. Үлкен Арабия (Египет, Йордания, Кувейт, Палестина, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен)
Мұнайдың арқасында әлемдік дәрежедегі қаржы және саяси ойыншыға айналған елдер. Дегенмен, бұл топқа жататындардың экономикалық көрсеткіштері әркелкі. Алайда оларды ортақ дін мен діл біріктіреді.
13. Жаңа Оттоман елдері (Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан)
Түркия бұрынғы Оттоман иелігінде, Орталық Азиядағы қандастарына бет бұрып, экономикалық қарым-қатынасты ілгерілетті.
14. Оңтүстік Африка империясы (Ботсвана, Лесото, Намибия, ОАР, Свазиленд, Зимбабве)
15. Сахаралық Африка (Орталық және Солтүстік Африка елдері)
16. Мағриб белдеуі (Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко, Тунис)
17. Орта патшалық (Қытай, Гонконг, Тайвань)
Қытай алдағы он жылдықта ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ-ты басып оза алмас, дегенмен, оның әлемдегі ең ықпалды күшке айналып келе жатқаны даусыз. Халқының 90 пайызы ханзу қытайлар болғандықтан, мұндағы этникалық бірлік өте күшті деңгейде және ол маңайындағы «тайпаларды» ығыстырып барады. Олардың әлемдегі ең үлкен этникалық топ екені және бар.
18. Каучук белдеуі (Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филлипин, Тайланд, Вьетнам)
Жерасты қазбаларына, суға, каучукке бай болғанымен Малайзиядан басқасының халқы кедей, тұрмыс жағдайы нашар елдер.
19. Жолы болғыш елдер (Австралия, Жаңа Зеландия)
Табыс жағынан Солтүстік Америкамен шамалас, бірақ оларға қарағанда экономикасы біржақтылау елдер. Бұлар мәдени жағынан англосактондық топтар – Солтүстік Америка мен Ұлыбританияға жақын болғанымен, болашақта бұл топтың басты сауда әріптестері Қытай мен Үндістан болмақ.
Мұхтар ЕКЕЙ
Азаттық Радиосы
13 қараша 2010

Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/3-0/749/2675
Текущая дата: 15.11.2024