Белорусский портал в Казахстане

2018 жылдың 03 ақпанында сағат 14.00-де Алматыдағы Достық үйінде дөңгелек үстел



Аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін шақырамыз.

2018 жылдың 03 ақпанында сағат 14.00-де Алматы қаласының Достық үйінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға қатысты дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары А.М.Хамедов, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы З.И.Касанов, республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысады.

Осыған орай, аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 750 0715 телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

belarus.kz, 2 ақпанында 2018

Ссылка на текущий документ: http://belarus.kz/aktueller/5-/1/42386
Текущая дата: 29.03.2024