Тұсаукесерді белгілі мәдениеттанушы, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының Президенті Мұрат Мухтарұлы Әуезов жүргізеді.
Олжас Сүлейменов құрған «Олжас кітапханасы» Баспа Үйінің қызметі әлем әдебиетінің, соның ішінде, қазақ әдебиетінің ең озық шығармаларын қазақ және орыс тілінде шығаруға бағытталған. Баспа Үйі Қазақстанның баспа нарығында бір жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Баспа біздің қоғамымыздың гуманистік идеяларын дамыту мен білім және мәдениет деңгейлерін арттыруды мақсат тұтады.
Бүгінгі әлем қоғамның адамгершілік және рухани қасиеттеріне аса зәру болып отырған, кітап оқу азайып бара жатқан заманда, «Олжас кітапханасы» Баспа Үйі өз халқымыздың рухани дамуына лайықты үлесін қосуда.
Серияның мақсаты - әлем әдебиеті классиктері мен қазақтың ұлы жазушылары: Абайдың, Шәкәрімнің, М.О.Әуезовтің, М.Жұмабаевтың, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Қ.Аманжоловтың, Ғ.Мүсіреповтің, М.Мақатаевтың, т.б. шығармалары жас ұрпаққа қолжетімді болып, оларға ұлттық әдебиетпен қатар әлемдік әдеби мұраны да зерделеуге мүмкіндік жасау.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, білім, мәдениет және ғылым мекемелерін дамыту қажеттілігін ескере отырып, «Олжас кітапханасы» Баспа Үйі 2012 жылдың басынан 30 атаудан тұратын кітаптар сериясын шығарды, ол аса көрнекті қазақ жазушыларының ең танымал туындыларын қамтиды. Алдағы жоспарда «Әлем әдебиетінің классиктері» атты сериясын шығару көзделген.
Басылымдар баспа мен дизайнның жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. «Олжас кітапханасы» Баспа Үйі шығарған «Қазақ әдебиетінің классиктері мен қазақ прозасының және поэзиясының шеберлері» атты кітап сериясының тұсаукесері оқырмандардың ықыласына бөленетіні және қазақстандық қоғамның мәдени өміріндегі айтулы оқиға болары анық.
Іс-шараға белгілі қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, баспасөз және телевизия өкілдері қатысады.
Байланыс телефондарымыз: 267-64-04, 267-28-66, 267-28-83.