https://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
 


 






Найти
 
 


Көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылау мәселелері бойынша жұртшылыққа кеңес беру қызметін іске қосты


Бүгін Көлік және коммуникация министрлігі «1414» Call-орталығы және «117» сенім телефоны базасында көліктік бақылау мәселелері бойынша жұртшылыққа кеңес беру қызметін іске қосты, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді тұрғындар «1414» телефонына қоңырау шалып, «электрондық үкімет» порталының және халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызметі, көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткізілуі, көліктік бақылау  қызметі саласындағы атқаратын қызметтері, сонымен бірге автомобиль, су және темір жол көлігі саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру тәртібі жөніндегі  ақпараттарды  ала алады.


Бұның сыртында, «117» сенім телефоны арқылы тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен бірге Көліктік бақылау комитеті мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің де сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа құқық бұзушылықтарға жол бергендіктері жайындағы деректерді хабарлауға болады. Қазақстан аумағы бойынша қоңырау соғу  ақысыз және тәулік бойғы режимде қабылданады.


Астана, 2 сәуір 2012

Айдар Оспаналиев, ҚазАқпарат

 
Дата публикации:02.04.2012
Тематика:Новости, Казахстан
Просмотров:4565
 
Ключевые слова:
ҚР үкіметі Қоғам Электрондық үкімет
 
 


Комментарии



 



Другие новости по этой теме