https://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
 


 






Найти
 
 


«Достық дастарханы»


2019 жылдың 2 мамырында сағат 11.00-де Алматы қ. Достық үйінде (Құрманғазы көш., 40, Қонаев көш. қиылысы) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтеді.
«Достық дастарханы» фестивалі төзімділікті және мәдениетаралық түсінушілікті, әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы нығайтуды көздейді. Жастарды түрлі этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен таныстырудың зор мүмкіндігі болып табылады. Бұл жоба барлығын бір істің аясында біріктіруге және түрлі мәдениеттердің қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз.

Іс-шараның мақсаты қатынасу мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуді тәрбиелеу болып табылады.

Фестиваль бағдарламасында:

- тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айту;
- қонақтарды күту салтын көрсету;
- этномәдени біррлестіктердің шығармашылық ұжымдарымен әзірленген концерттік нөмірлер қарастырылған.

Іс-шараның қатысушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласының жұртшылығы, этномәдени бірлестіктердің жастары, БАҚ тілшілері.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қ. «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер.

Телефондар:
+7 (727) 267 49 61, 272 49 70, 272 59 15,
+7 701 227 54 20, +7 700 492 35 13, 
+7 701 711 83 02,
dd_ank@mail.ru 

belarus.kz, 30 сәуір, 2019 ж.
 
Дата публикации:30.04.2019
Тематика:Культура, Казахстан
Просмотров:905
 
Ключевые слова:
Фестиваль национальных кухонь этносов Казахстана Алматы Дом Дружбы Ассамблея народа Казахстана Акция
 
 


Комментарии



 



Другие новости по этой теме