https://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
 


 






Найти
 
 


Алматының белсенді жастары


2017 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» РЖБ және ҚХА Алматы қалалық хатшылығының мұрындық болуымен «Жастар қауіпсіз қала үшін» тақырыбында дөңгелек үстел мен бірнеше шара өтті.
Іс-шараға Алматы қаласының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н.А.Балғымбаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы С.Әзірбек, теолог, PhD докторы Р.А.Челидзе, Алматы қаласы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ж.Ш.Мұрынова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі К.Шайх, белсенді жастар, студенттер мен БАҚ тілшілері қатысты.

Шара барысында қатысушылар Алматы шаһарының қауіпсізгіне қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, қаладағы тәртіпті ретке келтіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды: Алматы қаласының «Қақпасы» болып табылатын «Саяхат» базарының маңын таңғы және кешкі кездерде қоғамдық тәртіпті реттеу мақсатында құқық қорғау органдырының қызметкерлері орналасатын арнайы полиция пунктін қою қажетті туралы, аталған аймақта және өзге де орындарда діни әдебиеттердің сатылу барысын қатаң қадағалауды, сондай-ақ тұрғындарың мәдениеттілігін арттыру жөнінде пікір білдірді.

Бағдарламаға сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі К.Шайх адамның өз мүмкіндіктерін арттыруға және жалпы өмірді жоспарлауға қатысты жастар үшін «Көшбасшылық. Топ. Байланыс. Өзін-өзі басқару» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг соңында «Біз латын әліппиін қолдаймыз» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында алдын ала әзірленген баннерге барлық қатысушылардың қазақ тілінің латын графикасында таңбалануын қолдайтындықтарын білдіретін қол таңбаларын қалдырды.

Сонымен қатар, қазақ әліппбиінің латын графикасына көшуін қолдау мақсатында Алматы қаласының Қабанбай батыр көшесінен бастап жаяу жүргіншілерге арналып жаңартылған Панфилов көшесінің бойымен Арбатқа (Жібек жолы көш.) дейінгі бағытты қамтыған «Q ұрпағының жастары» атты флэш-мобтың өтуімен аяқталды.

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысып, «Қазақстан» ұлттық арнасының, «Хабар» теле арнасының және «Казправда» мен «Вечерний Алматы» газеттерінің тілшілері жаңалықты тарқатты.

"Қоғамдық келісім", Алматы
belarus.kz, 29 қараша 2017
 
Дата публикации:29.11.2017
Тематика:Культура, Казахстан
Просмотров:2159
 
Ключевые слова:
Общественный порядок Тренинг Латиница Флеш-моб Человеческий капитал Дом Дружбы Алматы
 
 


Комментарии



 



Другие новости по этой теме