https://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
 


 





Найти
 
 


Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіндегі мерейтойлық көрме


Көрме 2021 жылдың 21 желтоқсанына дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстанның қаржы нарығында өмірді сақтандыру қызметін ұсынатын ірі компания  «Nоmаd Life» бірлесіп  2021 жылдың 29 сәуірі сағат 15.00-де «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘЙГІЛІ ПЕРЗЕНТТЕРІ» атты мерейтойлық көрме ашады.

Қазақ тарихында ізі қалған тұлғаларды ұлықтаудың музейлер үшін бірден бір жолы – көрме ұйымдастыру арқылы насихаттау. Қазіргі заманғы музейлік тәжірибеде мемориалдық көрмелер ұйымдастыру үрдіске айналып отыр. Өйткені, мемориалдық көрмелер жекелеген тұлғалардың өмірі мен қызметінен мәліметтер беріп, отандық тарих беттерінде қалған тұлғалардың тарихи образын қалыптастыруға мүмкіндік береді

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘЙГІЛІ ПЕРЗЕНТТЕРІ» көрмесі- жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдық, күш атасы Қ.Мұңайтпасов 150 жылдық, сахнаның серкесі С.Қожамқұловтың 125 жылдық, әнші, композитор М.Ержановтың 120 жылдық, композитор Л.Хамидидің 115 жылдық, қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдық, мемлекет қайраткері, этнограф Ө.Жәнібековтың 90 жылдық мерейтойларына арналады. «Ұлы Даланың әйгілі перзенттері» көрмесі осы аталған тұлғалардың қайраткерлерлік жолын танытуға жол ашып, музей коллекциясы арқылы сыр шерткелі отыр.

Көрменің мақсаты: Орталық музей қорындағы  сан алуан материалдар негізінде көрнекті тұлғалар, олардың өнегелі өмірі және шығармашылық қызметтерімен таныстыру әрі оларды дәріптеу.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі көрмелердің  көктемдік маусымын ашуға арқау болған «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘЙГІЛІ ПЕРЗЕНТТЕРІ» көрмесіне  мерейтой иелерінің өздеріне тиесілі жеке заттары, олардың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей фото-құжаттар, хаттар, еңбектері мен марапаттары, сонымен қатар бейнелеу өнері туындылары мен иллюстрациялар қойылады. Сонымен қатар, Ж. Жабаевтың өмірден өткеннен кейінгі бет-пішінінің гипстен құйылған бедері, Қ.Мұңайтпасовтың тымағы келушілер назарын аударары сөзсіз.

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘЙГІЛІ ПЕРЗЕНТТЕРІ» мерейтойлық көрмесі қалың көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Көрменің онлайн нұсқасымен музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады.

Көрме 2021 жылдың 21 желтоқсанына дейін жалғасады.

Байланыс тел.: 8(727)264-09-66, 264-46-50, 264-55-77

 ҚР Мемлекеттік Орталық музейі
Алматы қ., «Самал-1» ықшам ауданы, 44 – үй.

Алматы, 23 апреля 2021
 
Дата публикации:23.04.2021
Тематика:Культура, Казахстан
Просмотров:289
 
Ключевые слова:
Знаменитые личности Великой степи Выставка Центральный государственный музей Республики Казахстан
 
 


Комментарии



 



Другие новости по этой теме