Курс валютпокупкапродажа
USD329.91330.73
EUR388.99391.49
RUR5.615.67
www.kurs.kz
 


 




Найти
 
 


Қазақстан үкіметінің өкілі 65 млн еуроға үй сатып алды


Қазақстан билігінің өкілі Парижде сатып алған пәтерде бес жатын бөлме, SPA-аймағы және арнайы паналайтын орын бар.
Қазақстан үкіметінің ресми өкілі Парижде құны 65 миллион еуро (25 миллиард теңге) болатын қымбат пәтер сатып алды, деп жазады Mansion Global жылжымайтын мүлік агенттігінің сайты. 

Агенттіктің мәліметінше, қауіпсіздік деңгейі аса жоғары үйдің аумағы 13 мың шаршы футқа (12 мың шаршы метр) жуықтайды. Пәтерде бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, сондай-ақ SPA-аймақ және үй қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар. Бұған қоса үйде аумағы 55 шаршы метр паналайтын арнайы орын, оқ өтпейтін шыны және қауіпсіздік қызметіне арналған бөлмелер қарастырылған. 

Пәтерді бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен сатқан. Сайттың хабарлауынша, оның Мәскеудегі агенттігі бұрынғы кеңестік республикалардың азаматтарына қызмет көрсетеді. 

Mansion Global сайтына сұхбат берген Мювиссен элиталық үйді қазақстандыққа ресейлік инвестициялық компанияның басшысы сатқанын айтты. 

"Келіссөздер үш ай бұрын басталды. Иесі бастапқыда үйді 75 миллион еуроға сатпақшы болды", — деді Игнас Мювиссен.

Мювиссен сатып алған адамның есімін жариялаудан бас тартты. Тек оның Қазақстан үкіметінің өкілі екенін ғана айтты. Риелтордың айтуынша, бұл биылғы жылғы Париждегі ең қымбат келісім болып отыр. 

Астана, 14 қараша 2017
Sputnik
 
Дата публикации:14.11.2017
Тематика:Бизнес, В мире
Просмотров:22
 
Ключевые слова:
Mansion Global Казахстан Франция Париж Жильё
 
 


Комментарии



 



Другие новости по этой теме